Алматыдағы жер үйде болған өрттен қаза тапқандар әртүрлі отбасының мүшелері болуы мүмкін. Оқиға куәгерлері осылай деп отыр.
Еске салайық, өрт Бостандық ауданындағы барак үлгісіндегі үйлердің бірінде болды. Тілсіз жау 100 шаршы метрден астам аумақты шарпыды. Салдарынан бес адам көз жұмды.
Аман қалған көршілердің айтуынша, қаза тапқандардың арасында төртінші сынып оқушысы бар. Сондай-ақ куәгерлер өрттен анасы мен қызының да қаза тапқанын айтады. Зардап шеккендердің сөзінше, үйдің кейбір бөлмелерінде терезе болмаған. Ал тұрғындардың көбі өрт кезінде дәл сол терезелер арқылы сыртқа шығып, аман қалған. Полиция қаза тапқандар туралы әзірге түсініктеме берген жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қайғылы оқиға салдарынан тоғыз адам баспанасыз қалды. Олар уақытша қонақүйге орналастырылды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: