Шахтинск қаласында қоғамдық мүлікті қиратқан 4 жасөспірім ұсталды. Оның біреуі – қыз бала. Бұзақылар бөбекжай мен стадион аумағындағы қоршауларды қасақана сындырған. Вандализм бабы бойынша күдікке ілінгендер дереу ұсталды. Енді олар сот алдында жауап береді. Полиция департаменті өкілдерінің хабарлауынша, жасөспірімдердің ата-аналары да жазаға тартылады.
БАҚЫТЖАН ҚҰДИЯРОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, оқиғаға қатысушылардың жеке басын анықтады. Нәтижесінде 19 жастағы екі жігіт пен 18 жастағы тағы бір тұрғын ұсталды. Олар сот шешімі шыққанға дейін уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал оқиғаға қатысқан төртінші адамның көршілес мемлекеттің 17 жастағы азаматы екені анықталды. Кәмелетке толмаған қыздың ата-анасы ел аумағынан тыс жерде болған. Ол ұсталғандардың бірінің атына рәсімделген сенімхат негізінде жүрген. Осыған байланысты жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: