Өскемендегі Үлбі өзені жағалауды шайып жатыр. Салдарынан тірек құрылымдар бұзылып, бетон плиталар қисая бастаған. Жаяу жүргіншілер жолының бір бөлігі опырылып қалған. Қазір табиғат жанашырлары өзеннің жағдайын зерттеу үстінде. Ал гидрологтар судың арнасын тексеріп жатыр. Жергілікті билік өкілдері жағалауды бекіту жұмыстарының жоспарын әзірлеуде. Эколог Виталий Чернецкийдің пікірінше, Үлбі өзені арнасын өзгерткен. Секундына 40 текше метрге дейін жететін су ағыны жағалауға соғылып, оның күші шамамен 50 тоннаға жеткен. Маман өзеннің жайылмасын тазалап, аралдар мен құлаған ағаштарды алып тастау қажет деп есептейді. Сонда ұзындығы 100 шақырым болатын өзен бұрынғы арнасына қайта түсуі мүмкін.
ВИТАЛИЙ ЧЕРНЕЦКИЙ, ЭКОЛОГ:
— Қалай болғанда да, өзен арнасын реттеу жұмыстарын жүргізу қажет. Көріп тұрғанымыздай, негізгі су ағыны аралға соғылып, төмен қарай солға бұрылады да, дәл осы жағалауға келіп ұрады. Су ағынының негізгі бағыты осы жерге бағытталған. Сондықтан жағалаудың шайылу процесі одан әрі жалғасатыны анық. Әсіресе су тасқыны кезінде жағдай ушығуы мүмкін.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: