Алматы облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының биылғы маусымы қорытындыланды. Оған жалпы саны 21 мыңнан астам адам қатысты. Нәтижесінде, 338 гектар аумақ тазартылып, 300 тоннадай қоқыс шығарылды. Соның 240 тоннасы пластик, шыны, қағаз, резеңке мен металл қалдықтары. Қатты тұрмыстық қалдықтар сұрыпталғаннан кейін, қайта өңдеуге жөнелтілді. Өңірде биыл осындай 41 жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды. Өңірде «Таза Қазақстан» акциясына жалпы саны бір миллионға жуық адам қатысты. Жыл бойы 14 мың гектардан астам аумақ тазартылып, 22 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды.
ХАНЗАТ СЕРІКБАЙ, ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
— Жыл басынан бері қаншама сенбілік өтті. Өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Апта сайын қатысып отырмыз. Өзгерістерді өз көзіммен байқаймын. Қаланың көркеюіне, тазалығына өте жоғары үлес қосып жатыр деп ойлаймын.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: