Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында кептеліс азаяды. Қос елдің шекарасындағы «Жібек жолы» және «Гишт-Куприк» бекеттері түбегейлі жаңартылып, қайта ашылды. Енді жаңа терминалдар адам мен көлік ағынын бөлек қабылдайды. Жолаушыларға арналған екі терминалдың жалпы аумағы – 10 мың шаршы метрге жуық. Паспорттық бақылауға 82 кабина қойылып, заманауи сканерлер мен рентген аппараттары орнатылған. Ал 20 автоматты Q-gate жүйесі шекарадан өтуді жылдамдатуға тиіс. Жаңғыртуға 26 миллиард теңге жұмсалды. Енді бекет жаяу жүргіншілер, жеңіл көлік пен рейстік автобустарды қабылдайды. Қаржы министрінің айтуынша, өткізу пунктінің жаңартылуы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әріптестік қатынасты одан әрі нығайтады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: