ТУЫСЫН ЖОҚТАЙДЫ
Ақтөбе ауруханасында көз жұмған жұмысшының туыстары дау шығарды. Марқұмды кислород қоймасында күйік шалып, жансақтау бөліміне жеткізілген. Алайда денесінің 90 пайызы күйген адамды дәрігерлер ажалдан арашалай алмаған.

ЖАСЫРЫН ЦЕХ
Елордадағы атышулы самса цехының екінші нүктесін СЭС мамандары тексерді. Оған Seven News ұжымы ұйтқы болды. Сонымен жасырын цехта санитарлық талап сақталған ба? Сәлден соң тексеру қорытындысын жариялаймыз.

ҚОРШАУДЫ ҚИРАТТЫ
Шахтинск қаласында қоғамдық мүлікті қиратқан 4 жасөспірім ұсталды. Оның біреуі – қыз бала. Бұзақылар бөбекжай мен стадион аумағындағы қоршауларды қасақана сындырған. Вандализм бабы бойынша күдікке ілінгендер дереу ұсталды.

КЕЗЕКТЕН ТЫС САЙЛАУ
Осы жексенбіде барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Жалпы 228 мәслихатқа 3 447 депутат сайлануға тиіс. Саяси науқанға 10 мыңнан астам кандидат қатысады. Ал ертең тыныштық күні.

МЕЙІРІМДІ МАМАН
Операциядан шыққан бүлдіршінмен мейірлене сөйлесіп, көңілін аулаған медицина маманы көпшілікті сүйсінтті. Әрине, дәрігер мейірімді болуы керек. Дегенмен пациентті үлкен-кіші деп бөліп-жармай шуағын шашқан мейіргер кім?
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: