Қазақстандық Анна Данилина АО турнирінің финалына шықты / Үй жөндеу кезінде нені ескерген дұрыс?

Ажырасып, екінші мәрте некеге тұру қазақ халқына жат па? Жаңа отбасын құрып, бақытты болу үшін ер мен әйел не істеу керек? Психолог Ержан Мырзабаев тікелей эфирде көрермен сауалдарына жауап беріп, талқыда жүрген тақырыптың нүктесін қойды.

Мінсіз шпагатқа отыру сіздің де арманыңыз шығар?! Йога жаттықтырушысы бүгінгі санда аз уақыт ішінде нәтиже беретін жаттығуларды көрсетті. Қауіпсіздікті басты назарға алыңыз да, бізбен бірге жаттығыңыз.

Ал су жаңа баспана алып, жөндеуге кірісіп жатсаңыз, ең алдымен техникалық сипаттама жазып шыққан жөн екен: тұратын адам саны, үй жануарларына арналған орын, түстер үйлесімі және басқалары. Бұл – ыңғайлы өмір сүруге жасалатын керемет алғышарт. Басқа да ең құнды лайфхактар туралы білгіңіз келсе интерьер дизайнерінің сұхбатын көріп шығыңыз.

27 Қаңтар, 08:00

Барлық шығарылымдар