Футзал мен хиджаб жыры. ЭКҰ әдісі туралы шындық пен миф

Футзал жыры: «Украина құрамасы заңды жеңіске жетті. Мойындау керек». Спорт комментаторы Еламан Әмірғазы футзалдан Еуропа чемпионатының ширек финалындағы Қазақстан құрамасының жеңілісін осылай түсіндірді. Сөзінше, біздің жігіттер барын салған: олардың осы кезеңге шығуының өзі үлкен жетістік. Десе де, ойын соңында легионерлер көздеріне жас алып, өз өкініштерін жасыра алмады. Бұл туралы толығырақ бүгінгі санда.

«ЭКҰ арқылы дүниеге келген бала аурушаң келеді» деген наным – қате.
Ал бұдан басқа, ЭКҰ әдісімен бала сүю туралы ақпараттың қайсысы шын, қайсысы миф? Репродуктолог Салтанат Байқошқарованың сөзінше, бұл әдіс сәбилі болудың жалғыз шешімі емес. Ал дәрігер осы жолды нұсқаған күннің өзінде, қорқатын ештеңе жоқ – ЭКҰ арқылы өмірге келген баланың басқалардан айырмашылығы болмайды. Десе де, табиғи жолмен, белгілі жас аралығында сәбилі болған дұрыс саналады. Толығырақ видеода.

Мектепте не үшін хиджаб тағуға рұқсат жоқ? Қыз баланың білім алып, жұмыс істеуіне дінде шектеу бар ма? Қазақта «баланы бағып-қағу» деген түсінік нені білдіреді? Осы және өзге де сұрақтарға ғалым-дінтанушы Айнұр Әбдірасылқызы жауап берді.

Сейсенбі, 01 Ақпан 2022, 08:00

Соңғы шығарылымдар