Балаларға арналған тегін әуе билеттері. Еркектік қуатты арттыру. BMX теуіп үйренеміз

1 қаңтардан бастап Қазақстан бойынша саяхаттайтын балалардың әуе билетінің құнын мемлекет өтеп береді. Бүгінде 14 тур оператор  20 000 баланың тегін ұшуына жағдай жасауға дайын. Мұндай жеңілдікке ие болу үшін ата-аналар қандай құжаттарды түгендеуі керек? «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының баспасөз хатшысы Ернұр Кенжебеков толық баяндап берді. Сұхбаттан көріңіздер.

Ерлерде 30 жастан кейін тестестерон деңгейі төмендеп, күш-қуаты бәсеңдейтіні бүгінгі медицинаны алаңдатып отыр.  Уролог, андролог Еркебұлан Ермағанбетовтің сөзінше, мұндай кезде ер адамның жыныстық белсенділігі төмендеп, жалпы жай-күйі нашарлайды. Бұл мәселенің алдын-алу үшін ұйқы мен тамақтың рөлі жоғары екен. Нақты неге көңіл бөлген жөн? Маман тарқатады.

BMX ең жеңіл әрі ең шағын велосипед болса да, алатын әсеріңіз орасан боларына кепілдік береміз! Мамандар мотокросс  тепкенмен тең адреналин сыйлайтынын айтады. Тілшіміз Гоги Дәрібай BMX орталығына барып, алғашқы сабаққа қатысты. Қауіпсіздік ережелерін біліп алыңыз да, сіз де байқап көріңіз.

Сәрсенбі, 23 Ақпан 2022, 08:00

Соңғы шығарылымдар