Мистер Бинге пародия! Нумерологтарға кімдер көп жүгінеді? Көктемгі депрессиямен күрес.

«Astana Musical» театрының актері Бекзат Бақытжанов танымал британдық актер Роуэн Аткинсон сомдаған «Мистер Бинге» айнытпай пародия жасап, көрерменді таңдай қақтырды. Тіпті гримсіз де образды әдемі алып шықты деуге болатындай. Көріп, сіз де баға беріңіз. Айта кетейік, ол жақында Мәскеуде өткен «Серебярная шпага» фестиваліне қатысып, арнайы сыйлыққа ие болған еді.

Саят Мақұлбаев «5:32» сериалынан кейін халық арасында танымалдығы артқанын жасырмады. Көшеде танып, бірге суретке түсушілер көбейген.

Ал ең басты жаңалық – 31 наурыз күні Роза Бағланованың өмір жолынан сыр шертетін мюзикл театрда сахналанбақ. Бұл туралы толығырақ сұхбаттан көріңіздер.

Нумеролог Құралай Бақытқа отбасын құрғалы жүрген қыз-жігіттер мен енелер тарапынан нумерологиялық болжам жасауға өтініштер көп түседі екен. Сөзінше, екінші неке құрғысы келетін жастар қателесуден қорықса, үйдің үлкендері жастарды бағыттап отыруды жөн көреді екен. Сандардың сіз білмейтін құпиялары туралы маман айтып берді.

Күн ұзарып, ауа райының күрт жылуы адам денсаулығына ғана емес, көңіл- күйіне де әсер етеді. Мұндай кезде ағзаға қажетті дәрумендердің жетіспеуі депрессияға жалғасуы мүмкін. Терапевт-невропатолог Динара Бекболатқызы маусымаралық кезеңді қалай өткеру керектігі жөнінде құнды кеңестерімен бөлісті.

Бейсенбі, 24 Ақпан 2022, 08:00

Соңғы шығарылымдар