Седьмой канал
Тікелей эфирді көру
Деректі фильм
Тағдырлас тамырлар

Тағдырлас тамырлар

Жанр: Деректі фильм Тілі: Қазақ, Орыс Қашан көруге болады: ДС - ЖМ · 18:30-да Хронометраж: 25 минут

Жоба Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған. Бұл – Ассамблеяның қалыптасуына айрықша үлес қосқан тұлғалар туралы деректі фильмдер топтамасы. Фильмдер – Қазақстанда өмір сүріп жатқан халықтардың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына, тарихы мен мәдениетіне жасалған қызықты сапар. Әр бөлімі белгілі бір өңірдің ерекшелігіне, этносқа арналып, олардың әдет-ғұрпының әсемдігін, музыкасы мен биін, қолөнері мен өзге де құндылықтарын ашып көрсетеді.

Телетуындының негізгі арқауында өз еңбегі мен бастамалары арқылы халықтар бірлігін нығайтып, достық көпірін салған, Ассамблеяның дамуына үлес қосқан адамдардың тағдыры мен өмір жолы жатыр. Олар – қоғам қайраткерлері, ғалымдар, мәдениет майталмандары және өмірі ҚХА тарихымен сабақтас қарапайым азаматтар. Цикл белгілі бір тұлғалардың тағдыры арқылы ұлтаралық татулыққа бастар жолды бейнелейді және Қазақстан тарихындағы Ассамблеяның айрықша рөлін айшықтайды.

Трейлер

Барлық шығарылымдар