Партиялар саяси аламанға дайын ба?  | «Жаңа кезең»

Мәжіліс пен мәслихат сайлауына сайлаушылардың жартысынан көбі қатысуға дайын екен. «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының телефон арқылы жүргізген сауалнама болжамы осындай. Оған қатысқандардың 53,3% дауыс беруге дайын екенін айтқан. Респонденттерге: «Егер алдағы жексенбіде Парламент сайлауы болса, оған қатысар ма едіңіз?» деген сұрақ қойылған. Респонденттердің 48,6% AMANAT партиясын қолдауға ниетті болса, «Ауыл» партиясына сұраққа жауап бергендердің 6,2%, «Ақ жолға» 5,4%  дауыс беретінін жеткізген. Қалған партияларға 3-4% аралығында. Сауалнамаға елдің барлық өңірінен 18 жастан асқан 1200 адам қатысқан.

Жұма, 03 Ақпан 2023, 18:30

Соңғы шығарылымдар