«Жаңа кезең» бағдарламасы | 10.02.2023

Сайлаудың жер-жиһанда кең таралған үш түрі бар. Олар – мажоритарлық, пропорционалдық және гибридтік жүйе. Мажоритарлық сайлау жүйесінде кандитаттар партия атынан емес, жеке тұлға ретінде сайлауға қатысады. Ең көп дауыс жинаған кандидат мәслихат немесе Мәжіліс депутаты атанады.

Мажоритарлық жүйедегі сайлауға қатысуға үмітін үкілеген үміткерлердің алды бағдарламасын түзіп, бақ сынауға білек сыбана кірісіп кетті. Мажоритарлық жүйе сайлаудағы шынайы бәсекені қалай көрсетеді? Егер үміткерлер тең дауыс жинаса қайтеді? Жеңімпаз қалай анықталады? Осы және өзге де сауалдарға «Жаңа кезеңнің» қонағы жауап береді. Студияда – саясаттанушы Алуа Жолдыбалина.

Өздерін «алашшылмыз» деп, Еуразиялық Одаққа ода айтатын Азат Перуашев партиясы енді Еуроодаққа қосылайық дегенді шығарды. Қазіргі жұртты сауатсыз дей ме, әлде жеңіл жолмен ұпай жинаудың әдемі әрі төте жолы деп ойлай ма екен?! Саяси науқанның сағаттары сырғып өткен сайын қалған партиялар да бар пәрмен-дәрменімен бір ышқырынып қалуға кірісіп кетті.

Пятница, 10 февраля 2023, 18:00

Соңғы шығарылымдар