Алдағы ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына 7 партия қатысуға қамданып жатыр. «Ақжол», «Қазақстан Халық партиясы» және «Amanat» бұған дейін Парламентте болып, өз әуселесін көрсетсе, «Ауыл» мен «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» – қойға жетпес қойторыдай. Енді бұлардың қатарына су жаңа екі партия қосылды: «Республика» және «Байтақ». Алдағы сайлауда осы «жетіліктің» арасында бәйге қыза түспек.
Саяси партия құру оңай шаруа емес. Партия құру үшін бақ-дәулетің шалқыған, қалтаң қалың, жүйкең темірдей болуы қажет десеңіз –қателесесіз. Ең бастысы, көрінгеннің қобызына билемей, ұлттық мүдде мен халықтық мақсат-мұратты көздемесе, қара құлқынның қамын күйттейтіндердің қарекетін ел қазір жазбай таниды. Сонда саяси партия құрудағы мақсат пен міндет қандай болмақ керек? Бұл сауалға саясаттанушы Риззат Елубаевтың қайтарған жауабын тыңдайық.
Сіз саяси партия құру туралы шешім қабылдадыңыз делік, қол жинаудан бөлек қандай шаралар атқару керектігін білесіз бе? Саяси партияның жарғысын жазасыз. Белсенді топпен бірге құрылтай құжаттарын әзірлейсіз. Оның құрамын анықтап, съезін өткізесіз! Ал съезд өткізу үшін кем дегенде 50 адамнан құралған Ұйымдастыру комитетін құруға міндеттісіз!
Пятница, 17 февраля 2023, 18:20
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.