«Жаңа кезең» бағдарламасы | 24.02.2023

«Жаңа кезеңнің» жаңа шығарылымы сайлау науқанының көрігі қызған тұста саясатта жүрген қыз-келіншектер мен жастардың үлес-салмағына арналмақ. Алғаш бұл бастаманы Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында көтерген.

Саяси партиялар туралы заңға енгізілген осы бір жаңа талап қазір қаншалықты орындалып жатыр деген мәселені студия қонағымен бірге талқылаймыз. «Жаңа кезеңнің» қонағы – ҚР Парламенті Сенатының 7-шақырылымдағы депутаты, қоғам қайраткері Ләззат Сүлеймен.

Ел Парламентінде әйелдердің үлесі артса, Қазақстан экономикасының даму көрсеткіші өсуі мүмкін. Өйткені әйелдер еңбек ететін денсаулық сақтау, білім беру, қызмет көрсету сияқты қоғам үшін маңызды салалардағы нәзік жандардың белсенділігін арттырып, мәртебесін нығайту заңнамалық тұрғыда қорғалса, олардың білек сыбана жұмыс істейтіні сөзсіз. Ал жастар жағы ше?

Пятница, 24 февраля 2023, 20:00

Соңғы шығарылымдар