Мәжіліс сайлауы: саясаттағы әйелдер мен жастардың үлесі артпақ

«Жаңа кезеңнің» жаңа шығарылымы сайлау науқанының көрігі қызған тұста саясатта жүрген қыз-келіншектер мен жастардың үлес-салмағына арналмақ. Алғаш бұл бастаманы Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында көтерген. Осыдан екі жыл бұрынғы күзде халыққа арнаған Жолдауында осы мәселеге арнайы тоқталып, Үкіметке тиісті тапсырма берді. Бұл тың идея заңға енгізіліп, құқықтық негізде бекітілді. Оған дейін біздің Парламенттегі әйелдердің жалпы саны 33 болса, 27-сі Мәжілісте болған. Ал мәслихаттардағы 3335 орынның тек 740-ы әйелдер, яғни 22% сәл асатын. Демек, бұған дейін Парламентте ер азаматтар көбірек болса, енді әйелдер мен жастардың да үлесі артады деген сөз.

Жұма, 24 Ақпан 2023, 20:00

Соңғы шығарылымдар