Президент Қ.Тоқаев елдің екі тізгін, бір шылбырын қолға алғалы билікті орталықсыздандыру үрдісі тұрақты жүргізіле бастады. Яғни бүкіл елді елордаға телміртпей, кейбір билік тетіктерін орталықтан аймақтарға беру үдерісі үздіксіз іске асып келді. Бұл дегеніңіз – жергілікті жердегі халықтың проблемасын жергілікті билік өзі шешуге міндетті деген сөз. Әрі осы реформа арқылы уақыт үнемделеді. Себебі шалғай ауылдың түйткілі ауылдан Астанаға жеткенше талай уақыт кетеді. Ендігіде ауыл халқы өз мәселесін өздері сайлаған мәслихатқа жеткізіп, бірден шешуді талап ете алатындықтан, халықтың арыз-шағымын Астанаға жеткізбей орындауға жергілікті әкімдермен бірге мәслихаттар да мүдделі болады.
Пятница, 03 марта 2023, 18:30
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.