Біздің елде ауқымды жобалар мен бағдарламалардың саны көп те, сапасына келгенде күмілжіп қалатын тұстарымыз аз емес. Кейде ерекше атау беріліп, айдар тағылып, жар салып жасаған бағдарламалардың уақытылы жүзеге аспауы көңілді күпті етіп жатады. Енді жаңадан сайланатын Мәжіліс осы олқылықты болдырмау үшін республикалық бюджеттің орындалуынан бастап, мемлекеттік бағдарламалардың мінсіз жүзеге асуын мүлтіксіз қадағалап отырады. Оның үстіне Мәжілістің 30 пайызы мажоритарлық жүйемен қалыптасатындықтан, аймақтарға қатысты әлеуметтік және экономикалық жобалардың сұрауы да сұрапыл болары сөзсіз. Өйткені аймақтардан бір мандатпен сайланатын депутаттар сайлаушыларының дегенін істей алмаса, депутаттық мандаттан айырылып қалуы бек мүмкін.
Пятница, 10 марта 2023, 18:20
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.