«Жаңа кезең» бағдарламасы | 10.03.2023

Президенттік биліктің бір адамның қолына шоғырлануының соңы неге әкеліп соққанын білесіздер. Бұған дейінгі жылдары Президент облыс, қала әкімдері түгілі аудан әкімдерінің кейбір шешімдерін өзгертуге құқылы болған. Бұл қолдан басқарудың шексіз түрі әрі демократияға қайшы келетіндіктен, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев ҚР Президентінің бұл құзыретін жергілікті биліктің өз жауапкершілігіне қалдырды. Ал алдағы сайлаудан кейін Парламент пен жергілікті мәслихаттар қандай құзырет пен құдіретке ие болады?

Саяси аламанның өтуіне санаулы күндер қалды. Қазір үгіт-насихат шаралары шарықтау шегіне жетіп, көмбеге қарай көсілу кезеңі басталып кетті. Саяси науқанды бақылайтын халықаралық байқаушылар да келер аптадан бастап аттың басын қазақ сахарасына қарай бұрады. Болғанынан боладысы қызық деп, әліптің артын баққан әлеуметтің белсенділігі де сол сайлау күні байқалары сөзсіз. Бұл туралы сауалдарымызға саясаттанушы Мақсат Жақау жауап береді.

Біздің елде ауқымды жобалар мен бағдарламалардың саны көп те, сапасына келгенде күмілжіп қалатын тұстарымыз аз емес. Кейде  ерекше атау беріліп, айдар тағылып, жар салып жасаған бағдарламалардың уақытылы жүзеге аспауы көңілді күпті етіп жатады. Енді жаңадан сайланатын Мәжіліс осы олқылықты болдырмау үшін республикалық бюджеттің орындалуынан бастап, мемлекеттік бағдарламалардың мінсіз жүзеге асуын мүлтіксіз қадағалап отырады. Оның үстіне Мәжілістің 30 пайызы мажоритарлық жүйемен қалыптасатындықтан, аймақтарға қатысты әлеуметтік және экономикалық жобалардың сұрауы да сұрапыл болары сөзсіз. Өйткені аймақтардан бір мандатпен сайланатын депутаттар сайлаушыларының дегенін істей алмаса, депутаттық мандаттан айырылып қалуы бек мүмкін.

Пятница, 10 марта 2023, 18:20

Соңғы шығарылымдар