«Жаңа кезең» бағдарламасы | 17.03.2023

Президент бастамасымен жүзеге асырылып жатқан реформалар – елдегі жеңіл-желпі өзгерістер үшін емес, стратегиялық даму үшін қолға алынған шаралар. Себебі халықтың жанына жара салған «қаралы қаңтар» биліктің жедел әрі жүйелі жаңғыруын талап етті. Сол қаңтардан кейін елде Ата заңның үштен бір бөлігіөзгеріп, конституциялық 7 заң мен тағы 15-тен астам заңға тың түзетулер енгізілді. Жаңадан тағы 20-дан астам заң жазылды. Президент билігі шектелді. Парламент қалыптастырудың тәртібі қайта форматталды. Аралас сайлау жүйесі енгізілді. Саяси партияларды тіркеу жеңілдеп, олардың мүмкіндіктері кеңейе түсті.

Мемлекет басшысы қоғамдық тұрақтылықты сақтау мәселесіне сақ болып, ыждағаттылық танытуды тапсырды. Бұл ретте заң мен тәртіп баршаға ортақ қағида болуы шарт. Ұлттық идеология мәселесіне де салғырт қарамауды қадап айтты.

Алдағы сайлауды бақылауға алғаш рет ұлттық байқаушылар аккредиттелді. Оған қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдар, саяси партиялар мен ұлттық байқаушыларды аккредиттеу институты кіреді. Бұл – бұрын-соңды болмаған, жалпы сайлау науқанына алғаш рет енгізіліп отырған жаңалық. Осы жолғы аккредиттеу белгілі бір сайлауда ғана қолданылмайды – бір жылға жарамды. Алдағы сайлауға қатысты өзге де жаңалықтарды Қазақстандық қоғамдық даму институтының Басқарма төрағасы Нұрбек Матжанимен талқылайтын боламыз.

Жұма, 17 Наурыз 2023, 18:20

Соңғы шығарылымдар