Сайлау талаптарға сай өтті: Халықаралық байқаушылар не дейді?

Өткен жексенбі күнгі сайлаудан хабар тарату үшін біздің елге шетелден 230-дан астам журналист келіпті. Олардың арасында әлемнің белді ақпарат агенттіктері де бар. БАҚ өкілдері кәрі құрлықтан, сары құрлықтан тіпті Африка тәрізді қара құрлықтан да келген. Журналистер дауыс берудің әділ, ашық өтіп жатқанына куә болғанын айтады. Олардың пікірінше, Қазақстандағы сайлау процесі өзге елдер үшін өнеге болуға лайық екен. Жалпы елдегі сайлау науқанының ұйымдастырылуына шетелдік байқаушылар да баға берді. Әрі өз елімізде де жергілікті байқаушылар өздеріне жүктелген міндеттерін аса ыждағаттылықпен орындады.

Жұма, 24 Наурыз 2023, 18:20

Соңғы шығарылымдар