«Жаңа кезең» бағдарламасы | 31.03.2023
Мәжіліс сайлауында жеңіске жеткен партияларға Парламент партасынан мынадай орынтақтар бұйырды. «Amanat-қа» 40 мандат, «Ауылға» 8 орын, «Respublica» мен «Ақжолға» 6 орыннан, «Қазақстан халық партиясына» 5 және ЖСДП-ға 4 мандат бұйырды.
Айта кеткен жөн болар, сайлауға сан мәрте қатысып жүрсе де, «Ауыл» партиясы Мәжіліске алғаш рет келіп отыр. Ал саяси аламанға тұңғыш рет ат қосқан ЖСДП-ның тек жолы болды деуден артық ештеңе айта алмаймыз. Құрылғанына аз мерзім болса да, су жаңа партия «Respublica» қоғамда сүйкімге ие болғандай. Көздерінде от ойнаған, сөздері жалынды жастардың аз шоғыры жайлы орынға жайғасты. Қалай десек те қазақ елінің ең жоғары заң шығарушы органы тәуелсіздік тарихында алғаш рет 6 партия өкілдерінен жасақталып отырғаны ақиқат. Ендеше сегізінші шақырылымның алғашқы сессиясын ашқан Президент Парламенттің жаңа құрамына қандай міндеттер жүктеді?
Президенттің жарлығымен Смайылов премьер-министр болып қайта тағайындалды. Ал сайлаудың ресми қорытындысын тоғыз күн күткен топ апта басталысымен жұмыстарына асығыс кірісті. Алдымен Орталық сайлау комиссиясы сайланған жұртқа депутаттық мандаттарын үлестіріп, кеуделеріне төсбелгілерін тақты. Ертеңіне Президент жаңа сессияның жұмысын ашып, құзыреті мен қызметі күшейген Парламенттің алдына жаңа міндеттер жүктеді. Сосын бірлескен отырыс біте сала төменгі палата өкілдері жасырын дауыс беру арқылы өздерінің жаңа төрағасын сайлап алды. Ол орынға экс-спикер Ерлан Қошанов қайта жайғасты. Іле Мәжіліс депутаттары ант берді. Осылайша қызметтеріне қызу кіріскен депутаттар жазға дейін демдерін алмай, біраз шаруаны дөңгелетіп тастайтынын көрсеткендей болды. Ол қандай шаруа екенін су жаңа депутат, оның үстіне бір мандаттық округтен сайланған белгілі қоғам қайраткері Ермұрат Бапиден сұрайық.
Былтыр Президент сайлауынан кейін ұлықтау рәсімінде Қ.Тоқаев өзінің ең бірінші жарлығын ауылды дамытуға арнап шығарғаны естеріңізде болар. Осы жолы да Президент ауылға қатысты мәселелерді уақыттың тезіне салып шешу керектігін айтты. Себебі ауыл – қазақтың алтын бесігі. Агроөнәркәсіп – экономиканың негізгі күретамыры. Былтырдан бері «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 1 мыңнан астам ауылда 3700 нысан жаңғыртылған екен. Дені әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылым. Бұл жұмыс болашақта да жалғасады. Биыл тағы 1,5 мыңнан астам жобаға бюджеттен 143 миллиард теңге бөлінбек. Әрі Президент шалғайда қалған шекаралас аудандардың ахуалы мен халықтың әлеуметтік тұрмыс-тірлігін түзету мәселесін де жаңа Парламент пен Үкіметтің арқасына зіл-батпан жүк қылып артты.
Толығырақ
Барлық шығарылымдар

«Жаңа кезең» бағдарламасы | 12.04.2024
12 апреля, 18:00

Төтеннен келген тасқын су. «Жаңа кезең» бағдарламасы
05 апреля, 19:00

Қытай Қазақстанның №1 серіктесі болады
30 декабря, 19:45

Құндылықтарға негізделген білім беру. «Білім-инновация» лицейлері
06 ноября, 18:30

Республика күнін атап өту не үшін маңызды?
25 октября, 18:30

Сәулетші мамандығына қандай емтихан тапсырады?
11 июля, 18:00

Дәрігерлер қосымша жұмыс істеуге мәжбүр
02 июля, 17:00

Жастар арасында онкологиялық аурулар көбейіп барады
01 июля, 17:00

Отандық медицинаның отыз жылдағы олжасы
30 июня, 19:00

«Жаңа кезең» бағдарламасы | 30.06.2023
30 июня, 18:30

Ардагер мемлекеттік қызметшілер тәжірибе бөліседі
25 июня, 17:00

Мемлекеттік қызметшілердің сана-сезімі өзгеруі керек
24 июня, 17:00

Мемлекеттік қызметке маман қабылдау қағидасы түбегейлі өзгерді
23 июня, 19:00

«Жаңа кезең» бағдарламасы | 23.06.2023
23 июня, 18:30

Туризм бойынша 2021 жылы Қазақстан 117 ел арасында 66-орынға ие болған.
11 июня, 16:57

Шетелдік туристерді этномәдениет қызықтырады
10 июня, 16:56

Біз ішкі емес, сыртқы туризммен айналысып кеттік.
09 июня, 19:00

«Жаңа кезең» бағдарламасы | 09.06.2023
09 июня, 18:30

Білместікпен іске асқан жоба көп
05 июня, 18:14

Білім сапасын арттыруға не кедергі?
03 июня, 19:00

Білім саласындағы реформа кәсіби ме?
02 июня, 19:00

«Жаңа кезең» бағдарламасы | 02.06.2023
02 июня, 18:30

Кадр даярлау жолындағы 27 жыл
29 мая, 11:58

Жаңа Салық кодексіне енгізілетін жаңашылдықтар қандай?
27 мая, 15:00

Экономиканы монополиядан арылту маңызды
26 мая, 19:00

«Жаңа кезең» бағдарламасы | 26.05.2023
26 мая, 18:30

Атом электр стансасы – атом қаруы емес
21 мая, 15:00

Елімізде 2035 жылға қарай АЭС пайда болуы мүмкін
20 мая, 15:00

Еліміздің оңтүстігі өзге елдің энергия көздеріне тәуелді
19 мая, 19:00

«Жаңа кезең» бағдарламасы | 19.05.2023
19 мая, 18:30

Отанды құрметтеу – тіл үйренуден басталады
14 мая, 15:00

Алишер Сатвалдиев: идеологиялық соғыста жүрміз
13 мая, 16:36

Айдос Сарым: қазақ компонентін алдыңғы қатарға шығаратын тірлік жасауымыз керек
12 мая, 19:00

«Жаңа кезең» бағдарламасы | 12.05.2023
12 мая, 18:30

Басқарушылар мен орындаушылар арасындағы теңсіздік
07 мая, 15:34

Біздің шенеуніктерге не жетіспейді?
06 мая, 18:38

Елімізге білімді, білікті басқарушылардың жаңа буыны қажет
05 мая, 19:36

«Жаңа кезең» бағдарламасы | 05.05.2023
05 мая, 18:30

Жасөспірімдер арасында жантүршігерлік қылмыстар көбейіп кетті
30 апреля, 15:00

Ерлан Саиров: Қазақстан байлығы қазақстандықтарға қызмет етуі керек
29 апреля, 15:00

Қ.Тоқаев: Несиені пайда әкелетін бизнеске беру керек
28 апреля, 19:00

«Жаңа кезең» бағдарламасы | 28.04.2023
28 апреля, 18:30

Қонаевқа 100 млрд теңге инвестиция тартылады
24 апреля, 20:26

Қазбек Майгелдинов: Аймақтағы жолдар – ең түйткілді мәселе
23 апреля, 19:01

Жаңадан құрылған аймақтардың ахуалы қандай?
21 апреля, 19:21

«Жаңа кезең» бағдарламасы | 21.04.2023
21 апреля, 19:18

Зияткерлік әлеуеті мықты ұлт қалыптастыру
14 апреля, 18:03

Гүлмира Дәулетова: Қыздарымыз әлемдік рейтингте алғашқы ондықта, ерлер – 30-шы орында
14 апреля, 18:02

Қазақстан – әлем чемпионатының матчын өткізуге ең қолайлы жер
14 апреля, 18:01

«Жаңа кезең» бағдарламасы | 14.04.2023
14 апреля, 18:00






