Тоқаев Парламенттің жаңа құрамына қандай міндеттер жүктеді?

Мәжіліс сайлауында жеңіске жеткен партияларға Парламент партасынан мынадай орынтақтар бұйырды. «Amanat-қа» 40 мандат, «Ауылға» 8 орын, «Respublica» мен «Ақжолға» 6 орыннан, «Қазақстан халық партиясына» 5 және ЖСДП-ға 4 мандат бұйырды.

Айта кеткен жөн болар, сайлауға сан мәрте қатысып жүрсе де, «Ауыл» партиясы Мәжіліске алғаш рет келіп отыр. Ал саяси аламанға тұңғыш рет ат қосқан ЖСДП-ның тек жолы болды деуден артық ештеңе айта алмаймыз. Құрылғанына аз мерзім болса да, су жаңа партия «Respublica» қоғамда сүйкімге ие болғандай. Көздерінде от ойнаған, сөздері жалынды жастардың аз шоғыры жайлы орынға жайғасты. Қалай десек те қазақ елінің ең жоғары заң шығарушы органы тәуелсіздік тарихында алғаш рет 6 партия өкілдерінен жасақталып отырғаны ақиқат. Ендеше сегізінші шақырылымның алғашқы сессиясын ашқан Президент Парламенттің жаңа құрамына қандай міндеттер жүктеді?

Жұма, 31 Наурыз 2023, 18:20

Соңғы шығарылымдар