Президенттің жарлығымен Смайылов премьер-министр болып қайта тағайындалды. Ал сайлаудың ресми қорытындысын тоғыз күн күткен топ апта басталысымен жұмыстарына асығыс кірісті. Алдымен Орталық сайлау комиссиясы сайланған жұртқа депутаттық мандаттарын үлестіріп, кеуделеріне төсбелгілерін тақты. Ертеңіне Президент жаңа сессияның жұмысын ашып, құзыреті мен қызметі күшейген Парламенттің алдына жаңа міндеттер жүктеді. Сосын бірлескен отырыс біте сала төменгі палата өкілдері жасырын дауыс беру арқылы өздерінің жаңа төрағасын сайлап алды. Ол орынға экс-спикер Ерлан Қошанов қайта жайғасты. Іле Мәжіліс депутаттары ант берді. Осылайша қызметтеріне қызу кіріскен депутаттар жазға дейін демдерін алмай, біраз шаруаны дөңгелетіп тастайтынын көрсеткендей болды. Ол қандай шаруа екенін су жаңа депутат, оның үстіне бір мандаттық округтен сайланған белгілі қоғам қайраткері Ермұрат Бапиден сұрайық.
Пятница, 31 марта 2023, 18:20
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.