Былтыр Президент сайлауынан кейін ұлықтау рәсімінде Қ.Тоқаев өзінің ең бірінші жарлығын ауылды дамытуға арнап шығарғаны естеріңізде болар. Осы жолы да Президент ауылға қатысты мәселелерді уақыттың тезіне салып шешу керектігін айтты. Себебі ауыл – қазақтың алтын бесігі. Агроөнәркәсіп – экономиканың негізгі күретамыры. Былтырдан бері «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 1 мыңнан астам ауылда 3700 нысан жаңғыртылған екен. Дені әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылым. Бұл жұмыс болашақта да жалғасады. Биыл тағы 1,5 мыңнан астам жобаға бюджеттен 143 миллиард теңге бөлінбек. Әрі Президент шалғайда қалған шекаралас аудандардың ахуалы мен халықтың әлеуметтік тұрмыс-тірлігін түзету мәселесін де жаңа Парламент пен Үкіметтің арқасына зіл-батпан жүк қылып артты.
Пятница, 31 марта 2023, 18:20
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.