Конституциялық сот не үшін керек және қалай жұмыс істейді?

Конституция – елдегі бүкіл құқықтық жүйенің түп-тамыры, түбірі, темірқазығы. Бірақ кейде сол Ата заңнан тарайтын қатардағы кейбір заңдар мен шешімдердің Конституцияға қайшы келіп, қиындық тудырып жататыны бар. Ондайда елдегі түрлі құқықтық нормаларға Конституциялық кеңес түсінік беретін. Оның өзінде оған биліктің үш тармағы ғана қайырылып, өтініш жасай алатын. Президенттің бастамасымен биыл бұл қасаң қағида мүлдем жойылды. Бүгінгі тақырып елдің әкімшілік жүйесіндегі құқықтық саланың реформаларына арналмақ.

Жұма, 07 Сәуір 2023, 18:20

Соңғы шығарылымдар