«Жаңа кезеңнің» жаңа шығарылымы қайтадан құрылған аймақтардың қазіргі ахуалына арналады. Кезінде Алаш арыстарының басын қосқан Семей өңірі – Абай облысы, ұлт тағдырына қатысты ұлы шешім қабылданған Жезқазған өңірі – Ұлытау облысы болып қайта түледі. Ал Алматы облысы екіге бөлініп, орталығы –Талдықорған Жетісу облысы болып құрылса, Алматы облысының орталығы Қапшағайға қоныс теуіп, оған қазақтың біртуар ұлы Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілді. Кезінде облыс мәртебесінен айырылған бұл өңірлерде тұрғындар саны азайып, тұрмыс төмендеп кеткені жасырын емес.
Пятница, 21 апреля 2023, 19:18
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.