Дәрігерлер қосымша жұмыс істеуге мәжбүр

Астанада Ұлттық медициналық орталық, Нейрохирургиялық орталық, Трнспонтологиялық орталық, Кардио орталық, Ана мен бала деп аталатын Ұлттық деген мәртебесі бар оншақты ірі ғылыми медициналық орталық жұмыс істейді. Бұл орталықтарда көрсетілетін қызметтер дамыған елдердегі қызметтерден бір мысқал да кем емес. Тек салада жұмыс істейтін мамандар әлеуметтік жағдайларының жандарына бататынын айтады. Яғни айлық аз, жүктеме көп. Сондықтан дәрігерлер қауымы қосымша жұмыс істеуге мәжбүр екен. Ал бұл өз кезегінде халыққа көрсетілетін қызметтің сапасына кері әсерін тигізбей қоймайтыны анық.

Жексенбі, 02 Шілде 2023, 17:00

Соңғы шығарылымдар