Мерекелік шоу

Жаңа Жыл Party

Көру Трейлер

Жаңа Жыл Party

Жаңа Жыл Party

  • Жанр: Мерекелік шоу
  • Тілі: Қазақша / Орысша

«Жетінші арна» мен «Late Night Show with Dinara SATZHAN» көрерменге «Жаңа Жыл Party» атты мерекелік шоуын ұсынады.

Қазақстандық шоу-бизнестің ең танымал әртістері мен жұлдыздары Жаңа жыл түні телекөрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.

Аты аңызға айналған әнші Роза Рымбаевадан бастап, жастар сүйіп тыңдайтын Мирас Жүгінісов пен Yenlik, Ұлан Ғасыр, Kalifarniya, блогер NNN, Ayree, Amre, Ниязқұл мен Айбек, т.б. жұлдыздар сахнаға сән беріп, кештің көркін аша түседі. Сондай-ақ ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, айтыскер депутат Ринат Заитов, футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыбергенмен сүбелі сұхбат болады. Ал әлемдік жұлдыз Akon-ның шоуға келуі көрерменге күтпеген сый болары анық.

Кеш жүргізушісі Динара Сатжан шоуға келген әр қонақтан жыл қорытындысын тыңдап, өнерін тамашалап, қызық ойын ойнайды.