Сахнадан, теледидар мен әлеуметтік желілерден көріп, өнеріне тәнті болып жүрген талантты жандар мен шоу-бизнес өкілдерінің сахна сыртындағы өмірі қалай өрілуде? «Жұлдыз» атану, танымалдықтың тәжін тағу жолында қандай тар жол тайғақ кешулерден өтті? Бұл сұрақтардың жауабын танымал тұлғалардың өз аузынан естиміз. Естіп қоймай, шаңырағында қонақта болып, емен-жарқын әңгімелесеміз. Көрермен өзінің сүйікті өнер адамын оның жары, туыстары мен достары, балаларының әңгімесі арқылы жаңа қырынан тани түспек. Ал 10 жылдан астам уақыт шоу-бизнес өкілдерімен етене араласып жүрген танымал тележүргізуші Анна Данченко жұлдыздардың көпшіліктен жасырған жан сырына үңілмек.
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.