Итоговые новости AIBAT | 14.06.2022

Футболдан Қазақстан құрамасы сенсация жасады. Магомед Адиевтің шәкірттері Нұр-Сұлтандағы кездесуде Словакия құрамасын 2:1 есебімен ұтты. Отандастарымыз Ұлттар лигасы турниріндегі 4 ойынның ешбірінде ұтылмай, өз тобында 10 ұпаймен көш бастап тұр. Словакия 6 ұпаймен екінші орында, 4 ұпайы бар Әзірбайжан үшінші, Беларусь 2 ұпаймен соңғы орында тұр.

Шуда екіқабатты үй ауласы дәретханаларға толып кеткен. Кәріз жүйесінің тозуынан тұрғындар амалсыздан далада дәрет сындыруға мәжбүр. Ал бүлдіршіндердің ойын алаңында емес, иіс сасыған аулада ойнаудан өзге амалы жоқ. Тұрғындар талабын Данияр Әлімқұл тыңдап қайтты.

Қарағанды облысының Шет ауданында белгісіз індеттен 76 бас ірі қара мен бұзау қырылып қалды. Тағы 150 бас мал ауру жұқтырды деген болжам бар. Симптомдары бір-біріне ұқсас, «қарасан» індетіне жақын көрінеді. Қажет сынамалар алынып, сараптамаға жіберілген. Бірер күнде нақты диагноз қойылып, тиісті шаралар қабылданады дейді мамандар. 

Вторник, 14 июня 2022, 18:30

Последние выпуски