РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШИРЕК ФИНАЛ. 1/4 ФИНАЛ. I ТОП

Жалынды жастардың сүйікті ойыны «Jaidarman»-ның 1/4 ойындарына да келіп жеттік. Келесі айналымға шығу үшін 5 команда өзара сайысқа түседі. 1-топта: Қызылорда облысынан келген «Егіздер», Түркістан облысынан келген «Мақтарал», Алматы қаласының айтулы командасы «АТУ», жоғары лигада алғаш рет өнер көрсетіп жатқан Ақтөбе облысының ауылынан келген «Алтықарасу» және аты айтып тұрғандай Жаңаөзен қаласынан келген жаңа команда «Батыр қала» құрамалары астарлы әзіл мен қағытпа қалжың сайысында бағы мен бабын сынап көрді. Жоғары лиганың 1/8 ойынынан сүрінбей өткен әзілкештердің осы жолғы ойыны әділ қазы алқасының көңілінен шыға қоймапты. Марат пен Еркебұлан командаларды қатты сынға алса, керісінше, Есет Мырзағазиевке бәрі ұнапты. Ал Динара Сәтжанның «Батыр қала» командасының фанаты екенін, олардың стилі ұнайтынын атап өтуі сол еді, Марат Достаев бұл пікірмен мүлдем келіспейтінін жеткізді. Бұл жерде әділ қазылар алқасы мүшелерінің арасында кішігірім дау туындай жаздады. Ойын тартысты болмағанымен, қазылардың пікір алмасуы тартысты өткен ойында «АТУ» мен «Батыр қала» құрамалары келесі айналымға өтті.

Четверг, 20 января 2022, 16:01

Последние выпуски