«Jaidarman» жоғары лигасының жартылай финалына шығу жолындағы соңғы 4-топтың тартысты ойыны. Жарыс жолына келесі бес команда шықты: «Медиум» Тараз қаласы, «Энерго» Алматы қаласы, «Ж.Ұ.М.» Алматы қаласы, «Арнайы Әділет үшін» Алматы қаласы, «Миллион» Шымкент қаласы. Өздеріңіз байқағандай, 4-топқа оңтүстік өңірдің командалары топтастырылған екен. Нағыз тартысты, әдемі әзілмен көмкерілген ойын болды деп айтуға болады. Марат Достаевтан басқа әділ қазы мүшелері «Ойын өте қызық өтті» деп, қысқа қайырды. Ал Марат Қамбарұлы «Медиум», «Энерго», «Ж.Ұ.М.» командаларына өз өкпе-ренішін жеткізді. Әсіресе, қыздардың Мараттың «бойдақтығына» қатысты жиі әзілдейтіні өзін мезі етсе керек. Десек те сол қыздар командасы оза шауып, «Миллион»-мен бірге жартылай финалға өтіп кетті.
Четверг, 20 января 2022, 16:22
© 2009-, «Седьмой канал». Все права защищены.