Жайдарманның жаңа чемпионын анықтайтын кез келді. Финалға жолдама алған алты команданың бәрі де чемпиондықтан үміткер. Тек «Жаңақорған» ғана өздерінде «шанс» жоқ екеніне сенімді. Мүмкін биыл әзілдерінің «өтпей» жатқанын сезіп жүрсе керек. Он жыл бойы Жайдарманда жүріп, шаршаған да болар. Ал әзілдері «өтіп» жүрген, финалда көрерменнің екі езуіне күлкі үйдірген «Рудный» соңына дейін баратынын ашып айтты. Алматылық «АТУ» мен олардың інілері «Made in ATU» да, ақтөбелік «Сөз жоқ» та бас жүлдеден үмітті және финалда сахнаны жандырды. Кіл мықтылар сайысқа түскен әзіл бәсекесінде әзілсүйер қауымның сүйіктісіне айналған «Миллион» жігіттерінің биыл бағы жанды. Сонымен, «Миллион» — Чемпион!
Четверг, 20 января 2022, 16:31
© 2009-, «Седьмой канал». Все права защищены.