Бұл шығарылымның басты қонағы – актриса Фариза Ескермес. Нәзік те сымбатты, сұлу ару әншілікті тастап, актерлікке бет бұрған. Алғашқы дебюті – «Қазақ хандығы» тарихи фильміндегі Қасым ханның жары Айшаның рөлі. Кейін біраз отандық кинода бой көрсетті. Өнер иесінің тәмамдаған негізгі мамандығы – кинорежиссер. Талай жігіттің арманына айналған арудың жүрегін жаулаған жан – өзге ұлт өкілі. Бұл қарым-қатынасқа бастапқыда актрисаның әкесі қарсы болған. Фариза Ескерместің жеке өмірі, шығармашылығы жайлы толығырақ шығарылымнан көріңіздер. Бағдарлама қонақтары: Сәуле Жанпейісова, Динара Мұсабаева
Среда, 19 апреля 2023, 16:00
© 2009-, «Седьмой канал». Все права защищены.