«Қыздар-ай» бағдарламасының кезекті шығарылымы ел алдында жүрген көпбалалы аналарға арналады. Әнші Құралай Бекжанова мен блогер Назгүл Ыдырысова баланың саны емес, оның саналы болғаны маңызды деп санайды және баланың жарық дүниеге келуін отбасы жағдайына қарай жоспарлаған дұрыс деген пікірде. Ал Тұрсынбектің жұбайы Мөлдір Мұқанова: «Керісінше, отбасында көп бала болғаны дұрыс. Себебі бір-бірін қолпаштап, бауырмал болып өседі», – дейді. Ал сіз қалай ойлайсыз? Сәби сүюді жоспарлаған дұрыс па? Бағдарлама қонақтары: әнші Құралай Бекжанова, блогер Назгүл Ыдырысова, продюсер Мөлдір Мұқанова.
Пятница, 28 апреля 2023, 19:32
© 2009-, «Седьмой канал». Все права защищены.