Ел бойынша 42 жаңа су қоймасы салынады | 03.09.2026

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

ЖАҢА ҮКІМЕТ
Үкімет құрамы 16% жаңарды. Елімізде министрлер кабинеті қайта жасақталды. Сонымен кім бұрынғы орнын сақтап қалды, лауазымға жаңа тағайындалғандар кімдер? Рет-ретмен айтып береміз.

СОТ ҮКІМІ
Кәмелетке толмаған қыз баланы өлтіріп, денесін каналға лақтырып жіберген күдіктіге бүгін сот үкім кесті. Оқиға маусымда Қызылорда облысының Шиелі ауданында болған еді. 16 жастағы Балсұлу Өмірзақ құрбысына баруға шығып, қайтып оралмаған.

ҚАНДЫ ОҚИҒА
Ақтөбеде туған анасын пышақтап өлтірген 16 жастағы оқушыға қатысты сот процесі басталды. Жасөспірім былтыр қыста анасын бірнеше жерден пышақтап, араша түспек болған әжесін де жаралаған.

КӨКТЕН ҚАРАЙДЫ
Еліміздің солтүстігінде заңсыз қоқыс алаңдары көктен анықталып жатыр. Бүгінге дейін дрон көмегімен 90-ға жуық заң бұзу дерегі әшкереленіп, 42 лауазым иесі жауапқа тартылды. Болашақта аймақта 400 камера орнатылмақ.

ТАЗЫ МЕН ТӨБЕТ КҮНІ
Бүгін елімізде алғаш рет Қазақ тазысы мен төбеті күні аталып өтті. Президенттің тапсырмасымен төл тұқымды сақтап, көбейтуге ерекше көңіл бөлініп, арнайы заң қабылданды. Ендеше, жеті қазынаға жататын құмай тазыны әлем қалай таныды?
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал