Қалың малға құныққандар жастардың бағын байлап жүр ме? Бүгінде о бастағы дәстүрлік мәнін жоғалтқан бұл салтты мүлдем алып тастау керек шығар? Журналист Алма Сайлауқызы қазақ дәстүрлерінің озығы мен тозығы туралы пікір білдірді.
Бала тілін шығару үшін бейәдеп сөз үйрететін ата-аналар назарына: бұл – қате методика. Психолог, логопед Бақтыгүл Насридинқызының сөзінше, бала бұл сөздердің мағынасын түсінбей, тек эмоциямен қабылдайды. Ал егер 2 жасқа толған балаңыз сөйлеуге асықпаса маман көмегіне жүгіну керек. Өзге де құнды кеңестерді сұхбаттан көріңіздер.
Сондай-ақ, бүгінгі санда сіз ым-ишара тілінде амандасу, қоштасу, хал сұрауды үйренесіз. Пайдалы сюжетті көріп шығыңыз — инклюзивті қоғамды бірге құрайық.
Четверг, 03 февраля 2022, 08:00
© 2009-, «Седьмой канал». Все права защищены.