Ділназдың «жұлдызды» биі. Канкур спорты. Әлеуметтік желі -табыс көзі

Қазақстандық ең жас ТикТок жұлдызы кім? Ділназдың желідегі биі неге халық тарапынан сынға ұшырады? Бұл туралы жас жұлдыз бен анасының пікірі қандай? Толығырақ жұлдызды сұхбаттан біліңіздер.

Канкур терминін алғаш рет естіп отырсаңыз немесе спорттың осы түріне қызығып жүрсеңіз біздің келесі сюжетімізді көруге шақырамыз. Канкур – ат спортының қазіргі заманғы түрі. Оның ерекшелігі неде және онымен кімдер айналыса алады? Гоги Дәрібай айтып береді.

Әлеуметтік желі арқылы қалай миллиондап табыс табуға болады?  Ол үшін СММ негіздерін меңгеру жеткілікті ме?  Тауарыңыз бен қызметіңізді Instagram, Facebook, YouTube немесе TikTok арқылы сатудың алғышарты мен жолдары қызықтыра ма? Ендеше Айна Досқызыны тыңдайық.

10 февраля, 08:00

Все выпуски