50 жыл отасқан жұп: бақытты неке құпиясы. Жұмысқа тұрушының құқығы. Кинолог мамандығы

50 жыл бір шаңырақта өмір сүріп жатқан Серік пен Жаңғақ Сәулебековтер бақытты неке құрудың сырын айтып берді. 16 жастарынан бастап көңіл қосқан олар бүгінде балалары мен немерелерінің ортасында сыйлы ата-әже болып отыр. Эфир барысында олардың кіршіксіз әңгімелерін тыңдап, бірге ойын ойнадық.

Көптеген азамат жұмысқа тұрғаннан кейін беймәлім ережелер «пайда болып», құқығы тапталып жатады. Бұл – екеуара келісімнің дұрыс жасалмауының нәтижесі. Ал мұндай жағдайларды болдырмау үшін неге көңіл бөлу керек? Еңбек келісімшартымен мұқият танысудың маңызы қандай? Өзіңді «сата алу» не үшін маңызды? Заңгер Нұргүл Мәлік баяндайды.

Кинологиялық қызмет орталықтарындағы иттер әртүрлі қылмыстың бетін ашуға көмектеседі. Мысалы, өткен жылы 94 қылмыс үйретілген үй жануарының көмегімен әшкереленген. Мұндай орталыққа тіпті қарапайым адамдар да төрт аяқты серіктерін жаттықтыруға, оқытуға келеді екен. Толығырақ Мағжан Үйсінбай сюжетінде.

Понедельник, 14 февраля 2022, 08:00

Последние выпуски