Қазақстандағы донорлық трансплантология. Бала болашағына қаржы жинау жолы.

Елімізде ағза мүшелеріне мұқтаж жандар көп болса да, өзінің немесе туысының тәніне қол тигізбеуді жақтаушылар саны одан да жоғары. Ал медицина қызметкерлерінің сөзінше, мұндай ота жасалар алдында донор болатын адамның өзі жіті тексерістен өтіп, барлық әрекет заң аясында жүзеге асады. Өз еркімен донор болғысы келетіндер қандай ақпаратты білуі керек? Тілші Жаңабике Қабылданың сюжетінде.

Баспана бойынша тәуелсіз сарапшы Ұлан Дәулетқали баланың болашағын қаржылай қамту үшін шетелдік валютаны пайдаланған жөн дейді. Сөзінше, жергілікті валютада ақша жинау инфляцияның әсерінен тиімсіз болуы мүмкін. Ал баспана қаражатын жинауда қандай ереже бар? Сұхбаттан көріңіздер.

Нидерланд елшісі Андрей Карстенс осыдан 2 жыл бұрын көшеден кішкентай қара күшікті кезіктіріпті. Кейін ол Қарагүлді өз үйіне апарып, қамқорлығына алады. Алайда осыған дейін басқа тәртіпке үйренген оған жаңа ережелерді түсіндіру оңай болмапты. Андрей Картенс ол қиындықтарды қалай жеңді? Иттерге қамқор болғысы келетіндер не істей алады? «Алақан» айдарында.

17 февраля, 08:00

Все выпуски