Омыртқаға арналған жаттығулар. Олимпиада несцімен есте қалды? Шашыңыздың күтімі дұрыс па?

Әлемде адамдардың 85% омыртқа ауруларына шағымданады екен. Мұндай жағдайдың алдын алу үшін күн сайын таңертең қарапайым жаттығулар жасау керек. Остеопат-дәрігер Саламат Саматұлы студияда гимнастика түрлерін көрсетті. Бірге қайталаңыз және әдетке айналдырыңыз.

Биылғы қысқы Олимпиада ойындарына қатысқан 91 елдің 29-ы жүлдеге ие болды. Қазақстан бұл тізімге ілікпеді. Биылғы дода несімен ерекшеленді? Қай елдер алғаш рет сынға түсті? Қанжығасына 2 алтын, 1 күміс медаль байлаған көше күзетшісі кім? Қай елдің спортшылары сайыс алаңына бетпердемен шықты? Осы және өзге де Олимпиада қызықтары туралы Ердана Ержанұлы айтып берді.

Шашқа дұрыс күтім жасап жүрсеңіз – сіздің образыңыз екі есе қымбаттырақ көрінеді. Ол үшін боялған және боялмаған шаштарға бөлек күтім ережелерін ұстанған жөн. Әсіресе, шашқа маска жағудың ережесі мен жуу техникасын біліп алыңыз. Шаш шебері Талғат Хайпов көрсетіп, айтып берді.

21 февраля, 08:00

Все выпуски