Шорт-тректен Бейжің олимпиадасының 4-орын иегері Абзал Әжіғалиевтің айтуынша, елімізде спортшылар жаттығатын мұз айдындарының саны аз. «Бұл — өңірлерде ғана емес, елордамызда да бар мәселе»,- дейді спортшы. Сондай-ақ, Абзал Әжіғалиевтің спортқа келуі, жарыс алаңына неге көзілдіріксіз шығатыны, жеке өмірі туралы да әңгіме өрбіттік. Сұхбаттан көріңіздер.
Артық салмақтан арыламын деп түрлі дәрі-дәрмек пен биологиялық белсенді қосындыларды (ББҚ), витаминдерді өз еркімен қабылдау – қауіпті қадам. Эндокринолог Махаббат Ибрагим мен диетолог Арай Әмренің кеңесі бойынша, интернеттен, марафондардан ақпараттанудан бұрын, дәрігерге жүгініп, қажетті қан сынамасын тапсырған жөн. Бұл туралы толық ақпаратты мамандар тарқатады.
Аэростретчинг қан айналымын арттырып, бұлшық еттердің созылуына оң әсер етеді. Ең бастысы, буындырыңыздың сау болуын қамтамасыз етеді. Жаттықтырушы Анастасия Непша ең қарапайым жаттығуларды көрсетті. Уақытыңызды пайдалы әрі көңілді өткізіңіз.
Вторник, 22 февраля 2022, 08:00
© 2009-, «Седьмой канал». Все права защищены.