Дастан Оразбеков & AUKA: Жаңа хит ән. Ірімшіктен жасалған тіскебасар: тез әрі дәмді

Отандық шоу-бизнестің жарық жұлдыздары Дастан Оразбеков пен AUKA жаңа хит ән ұсынбақшы! Сөздерінше, бұл туынды би алаңдарының сәні боларына күмән жоқ. Ал бүгін олар студияда Орда тобының «Белгісіз жан» әнін орындап, ойын ойнады. Көңіліңізді көтеріп, жаңа эмоцияға бөленгіңіз келсе, мархабат!  

Таңғы ас – бойдағы энергияны кешке дейін сақтаудың басты кепілі. Ал сіздің таңғы ас әзірлеуге уақытыңыз жоқ па? Мұның шешімі бар – тез дайындалатын әрі пайдалы тағамдарды біздің «Шыж-Быж» айдарынан үйреніңіз. Бүгін ірімшік қосылған тіскебасар дайындаймыз. Ас болсын!

«Оян, Qazaqstan» бағдарламасының эфирге дайындығы осыдан бір жыл бұрын басталғанын бірі білсе, бірі білмес. Ұжымға креатив пен интузиазмға толы, білімге құштар әрі батыл, жаңашыл, ақпарат алаңына адал мамандар жиналып, жаңа жоба көрермен назарына ұсынылды. Бүгінгі дейін мазмұнды, пайдалы, қызықты, өзекті мыңдаған контент жасалды. Тілшілермен қатар техникалық мамандардың, студия сыртындғы жандардың да еңбегі орасан. Ұжымның еңбегімен жақынырақ танысу үшін «Ертерек» айдарын көріңіздер.

Пятница, 25 февраля 2022, 08:00

Последние выпуски