Шалғай ауылда ел қатарлы өмір сүріп жатқан қарапайым қазақ отбасы. Қамқор ата-ана балаларының жарқын болашағы үшін Алматыға көшу туралы шешім қабылдайды. Дипломы жоқ әке-шеше мен үш жасөспірімді талай сынақ тосып тұр еді. Бас кейіпкерлердің әлеуметтік кедергілерді еңсеруі, үлкен шаһардың шым-шытырық өмір ырғағына бейімделуі әдемі әзілмен және шынайы суреттелген. Сүйіспеншілік пен қамқорлық, оптимизм мен зілсіз қалжың – бақытты отбасының берік діңгегі. «Ата-ана. Бала-шаға» сериалы – көңілді де бақытты отбасыларға арналған!
Пятница, 30 сентября 2022, 09:44
© 2009-, «Седьмой канал». Все права защищены.