Медет ауылдың тұрмысы мен тыныс-тіршілігіне үйреніп келеді. Мал дәрігерінің орнына қой-ешкіні де емдей салады. Үнемі мас болып жүргені үшін әйелі үйіне кіргізбей қойған Пералыны да өз үйіне қондыра салады. Пералы демекші, сол ащы судан татып алмайды, бірақ үнемі мас болып жүреді. Мас адамның «ішпедім» деген сөзін кім тыңдасын? Ал Медет болса оның ішпей мас болып жүру себебін анықтады, сөйтіп Пералыны абыройсыздықтан арашалап қалды.
Среда, 09 ноября 2022, 18:00
© 2009-, «Седьмой канал». Все права защищены.