Жаңа жұмысында да Ермек ескі әдетіне басып, «бармақ басты, көз қысты» әрекетін жалғастырмақ боп еді, әріптестері сабасына тез түсірді. Бірақ отбасында оны орнына қоятын адам жоқ секілді. Қыңыр мінезімен Маржанды да мезі етіп болды. Ақыры дастархан басында ажырасу туралы әңгіме айтылды. Бір қызығы, ажырасу туралы ұсыныс Маржанның емес, Ермектің аузынан шықты.
Понедельник, 17 октября 2022, 18:00
© 2009-, «Седьмой канал». Все права защищены.