Сериалдың бас кейіпкері – кәсіпте жолы болмай, қаладан ауылға көшіп келген Аманжол. Ол әйелімен туған жері – Бесбұлақ ауылына қоныс аударып, өмірін жаңадан бастауға бел буады. Жері құнарлы, суы нәрлі бұл «Бесбұлақ» ауылына бір бай шонжардың көзі түседі. Нақтырақ айтқанда, осы өлкеден шығатын минералды суды сатпақ және ауылды демалыс орнына айналдырмақ. Сөйтіп, аудан әкімінің орынбасары Розаға бұл ауылды «болашағы жоқ» елдімекен қатарына қосып, халқын көшіруді тапсырады. Ал Роза бұл іске ауыл әкімі Сәбитті жұмылдырып, көмектессе, алдағы сайлауда оның орнын сақтап қалуға сөз береді.
Понедельник, 25 сентября 2023, 18:30
© 2009-, «Седьмой канал». Все права защищены.