Оқушылардың тілін тапқан Жасұлан енді Анардың жүрегін жаулауға кірісті. Анар да қаладан келген білімді жігітке кет әрі емес, тіпті Жасұланды ауылдың би кешіне шақырды. Бірақ сол кеште Жасұланды басқа қызбен көретінінен хабарсыз еді. Мектептің спорт залында өтетін би кешіне дене шынықтыру мұғалімі Абзал да, күзетші Дәурен де келді. Екеуінің көзі мектепке тәжірибеден өтуге келген жас қыз Әлияда. Бірақ Әлияның көзі Жасұланға түссе керек. Сонымен, Жасұлан кімді таңдайды: Анарды ма әлде Әлияны ма? Жас ұстаздар арасындағы махаббат сезімі өрши түскендей.
Пятница, 14 января 2022, 16:30
© 2009-, «Седьмой канал». Все права защищены.